15 жастағы теннисшіміз Қытайдағы халықаралық турнирде топ жарды
15 жастағы қазақстандық теннисші Аңсар Ниетқалиев Қытайдың Гуанчжоу қаласында өткен халықаралық World Tennis Tour Juniors турнирінде топ жарып, ел мерейін үстем етті. Жерлесіміз финалда қытайлық спортшымен сынға түсіп, әдемі ойын өрнегін көрсетіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Аңсардың бұл жеңісі оның әлемдік рейтингідегі орнын бірнеше сатыға көтеріп, жоғары санаттағы жарыстарға қатысуға жол ашты. Ендігі меже Ухань қаласындағы J100 додасында ел намысын қорғау. Спорттағы мансабын 9 жыл бұрын Астанада бастаған жас спортшы бүгінде әлемдік деңгейдегі жарыстарда жетістікке жетіп жүр. Отандасымыз арнамызға сұхбат беріп, алдағы жоспарымен бөлісті.
Аңсар Ниетқалиев, ITF World Tennis Tour Juniors (J60) халықаралық турнирінің чемпионы:
Бұл жеңісім маған шабыт сыйлады. Турнир мен үшін өте маңызды кезең болды, ал жеңіс еңбегімнің нәтижесі деп ойлаймын. Қатысушылардың бәрі мықты. Дегенмен чемпион болуға бар күшімді салдым. Мұнымен тоқтап қалмаймын. Мамыр айында Дэвос кубогына қатысамын. Кейін үлкен дулығаларда еліміздің намысын қорғауға ниеттімін. Бұл жолда күш-жігерімді салып, дайындаламын. Қазақстандағы жанкүйерлеріме осы сәтті пайдаланып алғыс білдіргім келеді.
Автор
Ақмаржан Ғафизқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Атырауда Халықаралық шахмат турнирі басталды
13.10.2026, 20:29
Ұстаз Қанипа Бітібаеваның әдістемесі мектептерде пайдаланылады
13.10.2026, 20:26
Сарапшылар: Қазақстан Конституциясы сөз бостандығына кепілдік береді
13.10.2026, 20:08
Әлем жаңалықтарына шолу
13.10.2026, 20:06
Жедел жәрдем бригадасының қозғалысын картадан бақылауға болады
13.10.2026, 20:05
Бельгия Королі мен Патшайымы қазақтың ұлттық дәстүрлерімен танысты
13.10.2026, 20:05
Бельгиямен байланыстың жаңа белесі басталды
13.10.2026, 20:05
«Алтын виза» енгізіледі: Құрылтай көші-қон заңнамасын жетілдіруге кірісті
13.10.2026, 20:04