Бауыржан Айтқазин бастаған «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының ұжымы дайындаған фильм «Алтын Гефест» ұлттық салалық байқауында үздік деп танылды.
Байқауға биылғы жылы 53 жоба ұсынылған. «Телевизиядағы үздік журналистік жұмыс» аталымы бойынша «Қазақстан-Павлодар» телеарнасының «Бозшакөл: Қазақстан индустриясының игілігі үшін» бағдарламасы озық шықты. «Алтын Гефест» мүсінімен жоба авторы - телеарна директоры Бауыржан Айтқазин марапатталды.
Жоба Бозшакөл тау-кен байыту комбинатының ашылуы туралы баяндайды. Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған өндіріс орны өткен жылы Мемлекет басшысының қатысуымен өткен телекөпір кезінде «Парыз» сыйлығын иеленген болатын.
Айта кетейік, «Алтын Гефест» - тау-кен металлургия саласын БАҚ-та насихаттау бойынша жыл сайынғы ұйымдастырылатын ұлттық салалық байқау.