Оңтүстік Кореяда Канвон-2024 Олимпиадасының ашылу салтанаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оңтүстік Кореяда Канвон-2024 Олимпиадасының ашылу салтанаты өтеді

19.01.2024

Бүгін Оңтүстік Кореяда IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасының салтанатты ашылу рәсімі өтеді. Дүбірлі додада Қазақстан намысын 5 спорт түрінен 41 атлет қорғайды. Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев және Ұлттық Олимпиада комитетінің басшылығы Олимпиада қалашығын аралап, қазақстандық спортшыларға сәттілік тіледі. Канвон-2024 ойындарына 14 пен 17 жас аралығындағы әлемнің 80-ге жуық елінен келген 1800 спортшы қатысады. Олар 7 спорт түрінің 15 бағдарламасы бойынша 81 медаль жиынтығы сарапқа салады.

Оңғар Алпысбай


Хабарламаларға жазылу