Инчхон-2014. Бүгін Азия ойындарының ашылу салтанаты өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Бүгін Азия ойындарының ашылу салтанаты өтеді

19.09.2014
Инчхон-2014. Бүгін Азия ойындарының ашылу салтанаты өтеді

Бүгін Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында XVII Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Дүбірлі дода 19-шы қыркүйектен 4-ші қазанға дейін созылады.

Ашылу салтанатында Қазақстанның Туын бокстан 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов ұстап шығады. Жалпы, біздің елден Азия ойындарына спорттың 39 түрінен (барлығы 50 спорт түрі) 420 спортшы қатысады.

Азия ойындарына Азияның Олимпиадалық кеңесіне мүше 45 мемлекеттен 12 мың адам қатысады. Бұл спортшылар 439 медаль жиынтығын сарапқа салады.


Қазақстан Азия ойындарында 1994 жылдан бері қатысып келеді. Осы уақытқа дейін Қазақстан жалпыкомандалық есепте үш рет 4-ші, екі рет 5-ші орында аяқтаған. Инчхонда Қазақстан құрамасына жалпыкомандалық есепте 4-ші орынды иелену міндет.

Еске сала кетейік, ашылу салтанатын «KAZsport» телеарнасы Астана уақытымен сағат 16:00-де тікелей эфирде көрсетеді.

Хабарламаларға жазылу