Инчхон-2014. Азия ойындарының ашылу салтанаты басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Инчхон-2014. Азия ойындарының ашылу салтанаты басталды

19.09.2014
Инчхон-2014. Азия ойындарының ашылу салтанаты басталды

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында XVII Жазғы Азия ойындарының ашылу салтанаты басталды.

Ашылу салтанатында Қазақстанның Туын бокстан 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының күміс жүлдегері Әділбек Ниязымбетов ұстап шығады. Жалпы, біздің елден Азия ойындарына спорттың 39 түрінен 420 спортшы қатысады.

Барлығы 50 спорт түрінен 439 медаль жиынтығы сарапқа салынады.  

Ойынның ашылу, жабылу салтанаты және негізгі жарыстар өтетін ең басты алаң – «InchonAsiadMainStadium» нысаны. Стадион 62 818 орынға лайықталған.  

Айта кету керек, дүбірлі дода 19-шы қыркүйектен 4-ші қазанға дейін созылады.

Ашылу салтанатын «KAZsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсетуде.

Хабарламаларға жазылу