«Канвон-2024» қысқы олимпиадасына 42 қазақстандық қатысады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Канвон-2024» қысқы олимпиадасына 42 қазақстандық қатысады

09.01.2024

Он күннен кейін Канвон-2024 қысқы Олимпиада ойындары басталады. Оңтүстік Кореяда өтетін додаға әлемнің 50 елінен 1800 спортшы қатысады деп жоспарланған. Жасөспірімдер 7 спорт түрінен бақ сынайды.

Бүгін Астанада осы олимпиадаға дайындық бойынша жедел штабқа Оңтүстік Кореяның еліміздегі Елшісі арнайы барып, туризм және спорт министрімен кездесті. Штабтың негізгі жұмысы спортшыларымыздың алдағы жарыстарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету. Қонақтар Канвон-2024 қысқы жасөспірімдер олимпиада ойындарының тұмарын табыстап, біздің спортшыларымызға сәттілік тіледі. Қазақстан мен Оңтүстік Корея туризм және спорт саласындағы өзара қарым-қатынасты нығайтып келеді. Екі елдің спортшылары түрлі деңгейдегі жарыстарға белсене қатысып, бірлескен оқу-жаттығу өткізіп тұрады.

Ермек Маржықпаев, ҚР Туризм және спорт министрі:

19 қаңтардан бастап, 2 ақпанға дейін Канвон қаласында жасөспірімдер арасында олимпиадалық ойындар басталады. Біздің командамыз 30 лицензия алып, 42 адам бес спорт түрінен қатысады. 


Хабарламаларға жазылу