Майқайың шұңқырына құлаған автобус пен жоғалған екі адам әлі табылған жоқ
Майқайың шұңқырына құлаған автобус пен жоғалған екі адамды іздестіру жұмыстары бүгін де нәтиже берген жоқ. Шыңыраудың табанындағы шағын экскаватордың жұмыс істеуіне жоғарыдан сусыған құм кедергі болып тұр. Оның үстіне, автобус жатқан жердің асты ойық деген болжам бар. Осыны ескере келе, бүгін қатты троспен керме жасалып, экскаватор соған байланды. Яғни, жер опырылған жағдайда техниканы құлатпай, жоғарыда ұстап қалады.
Жасұлан Жұмашев, облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы:
Бұл құтқарушылардың қауіпсіздігі үшін жасалған амал. Жазатайым жағдай бола қалған күннің өзінде төменде жұмыс жасап жатқан экскаватор жүргізушісі мен тау-кен инженері де осы көлденең тартылған темір арқан арқылы төменге құлдилаудан құтылып кетеді.
Кеше топырақ астынан автобустың сынған бөлшектері, оттегі баллоны, тыныс алу аппараты мен қол сөмке, ал бүгін кеншінің бас киімі табылды. Іздеу жұмыстары ертең таң ата қайта жалғасады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін халық жазушысы М.Шахановқа арналған арнайы жоба эфирге шығады
21.04.2026, 11:21
Қазақстан студенттерінің Францияда еркін білім алуы үшін тағы бір мүмкіндікке жол ашылды
21.04.2026, 10:41
Қазақстан мен Ресей білім саласындағы әріптестікті жандандырмақ
21.04.2026, 10:40
Қазақстанның жаңа Конституциясы Брюссельде талқыланды
21.04.2026, 10:39
Сенімді ақпарат – қауіпсіздік кепілі
21.04.2026, 10:38
Жапония 50 жылда алғаш рет шет мемлекеттерге қару сату ережелерін өзгертті
21.04.2026, 10:37
АҚШ қоқан-лоққы көрсетуін жалғастырса, Иран келіссөздерге қатыспайды
21.04.2026, 10:36
Қазақстанда сұраныстағы 51 мамандық иелеріне арнайы виза беріледі
21.04.2026, 10:35