Сенімді ақпарат – қауіпсіздік кепілі
Әлеуметтік желілерде күмән тудыратын кейбір діни ақпараттарды әрбір қолданушы дереккөзді мұқият тексергені абзал.
«Нұр-Мүбәрак» университетінің проректоры, исламтанушы-ғалым Ершат Оңғар осылай дейді. Оның сөзінше, қазіргі ақпараттық кеңістікте діни контентті тұтынудың маңыздылығын ескерген жөн. Тексерілмеген мәліметтер жеке адамның дүниетанымына теріс әсер етіп қана қоймай, қоғамда адасушылық пен радикалды көзқарастардың қалыптасуына әкелуі мүмкін. Әсіресе, жастардың әлеуметтік желілер арқылы таралатын контентке тез сенгіш келетінін ескерсек, бұл мәселе одан сайын өзекті бола түседі. Жалпы, діни контентті дұрыс әрі жауапкершілікпен тұтыну – қоғамның тұрақтылығы мен рухани қауіпсіздігінің кепілі, дейді Ершат Оңғар.
Ершат Оңғар, Нұр-Мүбәрак университетінің проректоры:
Діни мазмұндағы ақпараттың қауіп-қатері бар, әсіресе қазіргі заманда дін мәселесі жөнінде адамдар жауапкершіліксіз ойын айта салатын жағдайға көшті. ҚМДБ ресми сайтынан, ресми дін қызметкерлерінің сөзінен ақпарат алуға, соларға сүйенуге шақырамыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Энергетиктің әсері мен әлегі
22.11.2026, 20:30
Шоттан шыққан сот: 400 дроппер түрмеде отыр
22.11.2026, 20:22
Шекарасыз әлемге шектеу
22.11.2026, 20:16
Құрылыс қарқынына отандық өндіріс ілесе ала ма?
22.11.2026, 20:10
Қазақстан Орталық Азияның академиялық хабына айнала ма?
22.11.2026, 20:04
Ауыл еңбеккерлері – елордада
22.11.2026, 20:02
Халықтық құрылыс өңірлердің өркендеуіне серпін бермек
22.11.2026, 10:03
Құрылтай бірқатар маңызды заң жобасын қарап жатыр
22.11.2026, 10:00