Қазақстан мен Ресей білім саласындағы әріптестікті жандандырмақ
Қазақстан мен Ресей білім саласындағы әріптестікті жандандырмақ. Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясында ынтымақтастықты бекіте түсу мәселесі талқыланды. Тараптар бірлескен білім беру жобалары мен зерттеулерді іске асыруға дайын екендіктерін жеткізді. Ал ілкімді жобаларды мемлекеттің игілігі үшін нақты секторларда қолдануға толық мүмкіндік бар.
Студенттер мен оқытушыларды тәжірибе алмасу бағдарламалары арқылы тағылымдамалардан өткізу көзделуде. Бүгінгі күні іргелес елде 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жатыр. Сонымен қатар академия студенттері үшін Қазақстанның жеткен жетістіктері, цифрландыру саласының дамуы, инвестициялық тартымдылық және экономикалық ынтымақтастық туралы баяндалды.
Виттория Идрисова, Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясының ректоры:
Ғылым саласында қазақстандық жоғары оқу орындарымен ынтымақтастығымыз жоғары деңгейде. Әсіресе құқықтану бойынша бірлескен жобалар бар. Дегенмен біз Қазақстанмен әріптестікті арттырғымыз келеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы