Өзбекстан халықаралық әуежайы қалың тұман салдарынан ұшақтарды қабылдамай жатыр
Өзбекстанда қалың тұман салдарынан бүгін таңертеңнен бері Ташкент халықаралық әуежайы ұшақтарды қабылдамай жатыр. Әуе кемелері өзге қалаларға ұшып кетуге мәжбүр. Бұл туралы Uzbekistan Airports компаниясы хабарлады. «Мәскеу-Ташкент», «Владивосток-Ташкент» және «Джидда-Ташкент» бағытындағы рейстер Самарқандағы қосымша аэродромға жіберілген. «Ташкент-Санкт-Петербор» бағытындағы әуе кемесі Ферғанадағы аэродромға қонды.
Ал Узгидромет тұрғындарға шұғыл хабарлама таратты. Шатқал таулы аймағындағы Ахангаран, Бостандық аудандарында және Наманған облысында қар көшкіні жүруі ықтимал. Тұрғындарға аса сақ болу қажеттігі ескертілді. Әсіресе, саяхатшылар мен шетелдік демалушыларды тауға шығудан мейлінше аулақ болуға шақырды.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13