Өзбекстанда тұрғындарды алдаған алаяқтар ұсталды
Өзбекстанда «АҚШ-қа жұмысқа жібереміз» деген желеумен тұрғындардан ірі көлемде ақша алған алаяқтар ұсталды. Министрлікте қызмет ететін азамат лауазымын пайдаланып самарқандық тұрғынға виза рәсімдеуге көмектесемін деп, бұл қызметі үшін 14 мың доллар талап еткен. Ол ақшаның бір бөлігін алып жатқанда қолға түсті. Екінші күдікті құрама штаттарда тұратын туысымен бірлікте жергілікті тұрғынды Мексика арқылы АҚШ-қа аттандырмақ болған. Еңбегі үшін 10 мың доллар пара алып жатқанда құқық қорғаушылардың құрығына ілікті. Әндіжан облысының тұрғыны да «мұхит асуыңа жәрдем етем» деп, жергілікті азаматтан 17 мың доллар алып жатқанда ұсталды. Бұл фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Іле-Балқаш» резерватында Амур жолбарысы табиғи ортаға жіберілді
09.08.2026, 20:38
«Болашақ ойындары»: Биылғы турнир несімен ерекшеленді?
09.08.2026, 20:31
Аптап ыстық егінге қалай әсер етті?
09.08.2026, 20:22
«Болашақ ойындары – 2026» өз мәресіне жақындады
08.08.2026, 20:21
Қазақстандық оқушылар ЖИ олимпиадасында 8 медаль жеңіп алды
08.08.2026, 20:18
Кітап оқып, 600 мың теңге ұтып ал
08.08.2026, 20:17
Өнерді өнеге еткен Ерниязовтар отбасы
08.08.2026, 20:16
Дәстүр мен креатив
08.08.2026, 20:13