Қарақия ауданынан өлі аққулар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарақия ауданынан өлі аққулар табылды

15.01.2024

Маңғыстауда Қарақия ауданында 20 аққудың өлексесі табылды.

Теңіз жағалауында құстардың өлгені туралы мәлімет 11-қаңтар күні расталған. Алғашында 12, келесі күні тағы 8 өлген аққу табылған. Сондықтан полиция адамдардың теңіз жағасына баруына белгілі бір мерзімге дейін шектеу қойды. Ал аудан әкімдігі аталған жағдайға қатысты тиісті жұмыстар жүргізіліп, өлекселердің жойылғанын мәлімдеді. Айта кетейін, аймақта Қаракөл көлінің жағалауында аққулар қырылып жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша олардың саны мыңға жуықтады.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу