Сиднейде жағалауға мыңдаған өлі балық шығып қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сиднейде жағалауға мыңдаған өлі балық шығып қалған

09.02.2022

Австралияның Сидней қаласы жағалауына мыңдаған өлі балық шығып қалған. Су жануарлары Сидней Олимпиада саябағында Парраматта өзенінің жағалауынан табылды. Өлі балықтар қайта суға шайылмас үшін қазір оқиға орнында тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Ал экологияны қорғау органдары болған оқиғаға қатысты тергеуді бастап кетті. Алдын ала мәліметтерге сай, балықтардың қырылуына оттегінің жетіспеуі, су температурасының өзгеруі себеп болса керек.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу