Маңғыстау өңірінде 30-дан аса аққудың өлексесі табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау өңірінде 30-дан аса аққудың өлексесі табылды

27.12.2023

Маңғыстауда «Қарақия-Қаракөл» қаумалынан 30-дан астам аққудың өлексесі табылды. Инспекторлар өлі құстарды көлдің аумағын тексеру барысында анықтаған. Қырылған құстардың 80 пайызы аққудың балапандары. Жергілікті ветеринарлық станция мен Алматы қаласынан келген арнайы мамандар өлекселерден сынамалар алған. Бірақ, зерттеу нәтижесі әлі шыққан жоқ. Алдын-ала болжам бойынша аққулар жуырда болған қатты аяз бен желге шыдамаған. Себебі, боранды күндері көлдің жағалауына мұз қатып, құстар қорексіз қалған болуы ықтимал. Қазір Қаракөлде 5-6 мыңға жуық аққу қыстап жатыр.

Ғаббас Досатов, орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы:

Кеше анау мамандар құсты жарып, кесіп қараған кезде аққу балапандары әлі май жинап үлгермеген. Осы кезде олар май жинап, қысқа дайындалып келу керек. Сондықтан инспекцияның болжамы бойынша, өте кешегі қатал табиғаттың несіне шыдамай, қоректерін таба алмай, соның ішінде әлсіздері өйстіп өлген болуы мүмкін.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу