Ақтаудағы Қарақия ойпатында иттердің өлексесі жойылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтаудағы Қарақия ойпатында иттердің өлексесі жойылды

30.01.2023

Ақтаудан 50 шақырым жердегі Қарақия ойпатынан 30-ға жуық иттің өлексесі табылды. Айдалада ашық-шашық жатқан жануарларды тұрғындар байқаған. Олар өлекселерден түрлі инфекция тарайды деп дабыл қақты. Ал, облыстық Ауыл шаруашылық басқармасындағылар иттерді ол жерге кім апарғаны белгісіз деп отыр. Жануарлар арнайы орында жойылып, аумақ дезинфекцияланған.

Аягөз Оралбайқызы


Хабарламаларға жазылу