Ақтауда теңіз жағасынан өлі итбалықтар табылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтауда теңіз жағасынан өлі итбалықтар табылды

29.06.2023

Ақтауда теңіз жағасынан өлі итбалықтар табылды. Теңіз жануарларын демалушылар байқаған. Айтуынша, итбалықтар теңіздің толқынымен жағаға шығып қалған. Ал осыдан бір ай бұрын Баутино ауылы аумағынан да оннан аса өлексе табылған еді. Тек Түпқараған ауданындағы жағалаудан жыл басынан бері 200-ге жуық өлі итбалық жиналған.


Аягөз Оралбайқызы

Хабарламаларға жазылу