Дүниежүзілік фестиваль Ресей, Беларусь, Израиль, Грузия, Корея, Украина, Өзбекстан, Әзірбайжан және т.б. елдердің өкілдерінің басын қосты.
Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Украина бишілері бірінші орын иеленсе, израилдік өнерпаздар екінші, ал, қазақстандық бишілер қола медальді қанағат тұтты.
7-17 жастағы балалар барлық аталымдарда қатысты. 17 жасқа дейінгілер қазіргі заманғы хореография, әлем халықтарының биі, стильді халық биі, балалар, классикалық және эстрадалық би, би шоуы сияқты 7 аталымда шеберлік байқасты.
«Жарыс жоғары деңгейде өтті. Біздің балалар өзге елдерден келген қатысушылардан еш кем емес. Техникалық жағынан да, костюмдерімен де. Сондай-ақ, биыл жас санаттары өзгертілді, турнирге кіші топты да қатыстырдық», - деді Оқушылар сарайы директорының орынбасары Қымбат Іргебаева.