Экспорттық-кредиттік агенттік туралы заң қабылданды
Қазақстандық кәсіпкерлер өнімдерін шетелге экспорттық-кредиттік агенттік арқылы сатуға мүмкіндік алады. Сенат тиісті заң жобасын бүгін екінші оқылымда мақұлдады. Жаңадан құрылатын институт сыртқы сауда операциялары кезінде төлем жасамау тәуекелінен сақтандыратын қорғаныс қызметін көрсетеді. Сондай-ақ ұйым, сақтандырумен қатар мемлекеттік кепілдендіруді және сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау, салымдар арқылы экспорттық сауданы қаржыландыру, қаржы агенттігінің функцияларын жүзеге асырады. Сенат Төрағасы отандық өндірушілердің құқығын халықаралық деңгейде де ерекше қорғауға басымдық беру керектігін тағы еске салды.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
Қазақстандық кәсіпкерлер тауарын Ресейге апарарда кедендік тексеруден 15-20 күн бойы өтеді екен. Ал ол жақтың кәсіпкерлері бізге кедергісіз келеді. Яғни, көрші ел өз талаптарын орындатып қана қоймай, халқының денсаулығына зиян келтірмеуді ойлап отыр. Біз неге жөнді тексермейміз? Біздің де азаматтарымыздың қауіпсіздігі мен денсаулығы бірінші кезекте болуы керек. Бұл жерде құзырлы орган өз міндетін дұрыс орындамай отыр.
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін қазақстандық спортшылар пара үстел теннисінде бақ сынайды
16.10.2026, 10:17
Жетісу облысында 22 мың тонна алма жиналды
16.10.2026, 10:15
Эбола вирусы Конгоның сегіз провинциясында өршіп барады
16.10.2026, 10:12
АҚШ-та мектепке жасалған шабуылдан 4 адам қаза тапты
16.10.2026, 10:11
Хуситтер Адендегі президент сарайына зымыранмен соққы берді
16.10.2026, 10:09
2027 жылдан бастап жекеменшік балабақшалар лицензия алуға міндетті
16.10.2026, 10:06
Қазақстандықтардың депозиті рекордтық деңгейге жетті
16.10.2026, 10:04
Президент Биоалуантүрлілік мәселелері бойынша көшбасшылар саммитінің ашылуына қатысты
16.10.2026, 10:02