Президентке Қостанай облысының дамуы туралы есеп берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президентке Қостанай облысының дамуы туралы есеп берілді

11.01.2024

Ақтөбе облысынан Қостанай қаласына дейін магистральды газ құбырын тарту үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленіп жатыр. Бұл туралы Президент қабылдауында болған Құмар Ақсақалов айтты. Бұл жоба елдімекендерді көгілдір отынмен қамтамасыз етіп, жаңа инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Облыс әкімі 2023 жылдың қорытындысы бойынша өңірдің экономикасында өсім бар екенін айтты. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі 11 пайыз, құрылыс саласы 7 пайыз, көлік тасымалы 3 пайыз, тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 5 пайыз өскен. Құмар Ақсақаловтың мәліметінше, жалпы өңірлік өнімдегі өнеркәсіп саласының үлесі 30 пайыздан асты. Бүгінде облыста жалпы сыйымдылығы 1 980 оқушыға арналған үш мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр. Облыс орталығында «IQostanay» оқушылар сарайы ашылды. Орталықта 1300 баланың жан-жақты дамуына жағдай жасалған. 

Аида Ахметбек


Хабарламаларға жазылу