Әлемдегі бейнелеу өнері қазіргі таңда сан-қилы ағымдарымен ерекшеленеді. Реализм мен абстракцияға бай сурет өнері жанрға да бай. Соның бірі – перформанс. Бұл жанр ым-ишараға, дене қимылына негізделеді.
Суретші Бейбіт Әсемқұл осы бағытта жұмыс істеп жүр. Соңғы туындысына «Киелі» деген атау беріпті. Перформанстың «Киелі» деп аталуының себебі туралы суретші: «Егер нақты дүниені бағаламасақ, болашағын ойламасақ, онда ол киесінен айырылады, киелі дүниенің мәні бұзылады. Сондықтан кез келген дүниені құрметтеуіміз керек», дейді.
Заманауи өнердің қай түрі болмасын, туындының мағынасы тікелей айтылмайды, жасырын тұрады. Оны көзіқарақты көрермен өзі тауып алу керек. Осындай жанрдың тағы бір түрі инсталляция деп аталады. Инсталляция жасау әр суретшінің қиялына байланысты. Мұнда ағаш, темір сияқты материалдар қолданылады.
Бейнелеу өнерінің осы және басқа да жанрлары туралы «Таңшолпаннан» тамашалаңыз.