Өзбекстанда тегін операция жасалып жатыр
Өзбекстанның Ферғана облысында созылмалы сырқаты бар 60 балаға кувейттік дәрігерлер тегін операция жасап жатыр. Қайырымдылық акциясы 16 қаңтарға дейін жалғасады. Балғындар аз қамтылған отбасынан шыққан. Жоғары білікті 20 дәрігер жеткіншектердің қалыпты өмірге оралуы үшін барын салып жатыр. Олар алдағы бірнеше күнде жүрек пен өзге де ішкі ағзаларға күрделі хирургиялық операциялар жасайды. Ал Бұхара облысында алғаш рет күретамыр мен омыртқа арасындағы қан тамырын жалғайтын жасанды түтікше орнату операциясы сәтті аяқталды.
Жасур Собиров, республикалық мамандандырылған хирургия ғылыми орталығының дәрігері:
Операция өте сәтті өтті, науқастың халі жақсы. Тиісті ем шараларды қабылдап жатыр. Дәл мұндай күрделі сипаттағы ота Бұхара облысында алғаш рет өткізілді. Болашақта сырқаты жанына батқан талай адамды құтқарамыз деген үмітіміз бар.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ғалымдар Алтын Орда дәуіріндегі қорым кешенін тапты
09.04.2026, 17:38
Алғашқы әскери дайындықты күшейту қажет
09.04.2026, 17:35
Қызылордалық оқушы қоқысты ЖИ арқылы сұрыптайтын жоба әзірледі
09.04.2026, 17:32
Алматы тауларында экологиялық бастама іске қосылды
09.04.2026, 17:30
Ғалымдар зиянды қалдықтарды азайтатын арнайы қондырға жасап шығарды
09.04.2026, 17:27
Ақтөбеде қағаз қалдығы қайта өңделеді
09.04.2026, 17:25
Жамбыл жолдарын жаңғыртуға ₸35 млрд-тан аса қаржы бөлінген
09.04.2026, 17:22
Айға ұшқан төртеу Жерге қайтқалы жатыр
09.04.2026, 17:20