Ғалымдар зиянды қалдықтарды азайтатын арнайы қондырға жасап шығарды
Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің ғалымдары өндіріс орындарынан бөлінетін зиянды қалдықтарды азайтуға мүмкіндік беретін жаңа сүзгі әзірледі. Жоба бірнеше жыл бойы зерттеліп, былтырдан бастап өндірістік орындарда қолданыла бастады. Зерттеу нәтижесінде енгізілген шешім өндірістік түтін құрамындағы шаң мен зиянды заттардың көлемін ондаған есе төмендетуге мүмкіндік берген. Соңын арқасында ірі кәсіпорындар зиянды қалдықтардан ғана құтылмай, артық шығынды азайта алады. Жоба 350 млн теңге көлеміндегі мемлекеттік грантқа ие болды.
Өзекті жаңалығымыз, бұл процесте фильтрлердің қызмет ету мерзімін ұзарттық. Қысылған ауаның шығынын азайттық. Тазарту фильтрлерінің өзіндік құнын азайттық. Отандық мекемелерге қол жетімді болғаннан кейін импорт азаяды.
Қазіргі таңда ғылыми жоба толықтай аяқталып, сүзгілер Қарағанды қаласында
дайындалуда. Бүгінде Ақтөбе, Екібастұз, Рудый, Өскемен сынды қалалардағы
бірнеше зауыттарға орнатылған. Жоба екі жыл ішінде жалпы құны шамамен 380 млн
теңге болатын
газ тазарту жабдықтарын әзірледі. Алдағы уақытта жоба патенттелмек.
Коммерцияландырудың пайдасы бұл импорттық алмастыру. Бұған дейін барлық өндірістер осындай жабдықтарды шетелден алатын. Ал қазір өзіміздің әзірлемеміз болған соң, бағасы арзан болған соң өте тиімді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы