Алғашқы әскери дайындықты күшейту қажет
Өздері сап түзеп, сарбаз болмағандар оқушыларды патриоттыққа баулып жүр. Елімізде «Алғашқы әскерге дайындық» пәнінен сабақ беретін 5 мыңға тарта мұғалім бар. Алайда соның 16 пайыздан астамы қару ұстап, қызмет етіп көрмегендер екен. Бұл туралы бүгін Мәжілісте халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында айтылды. Сондықтап жауаптылар олқылықтың орнын толтырып, жасөспірімдердің Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру жұмыстарын күшейту қажет, - дейді. Осы мақсатта алдағы 3 жылда еліміздің әр өңірінде 20-ға жуық әскери мектеп ашылмақ.
Болат Керімбек, Мәжіліс депутаты:
Бұл жерде, мысалы, әрбір ауылдарда алғашқы әскери пәннің өзінің кабинеттері бар. Ол кабинеттердің жабдықталуы әлі де толықтай шешілген жоқ. Кезінде енді білесіздер, арнайы тирлер болатын. Түрлі плакат болатын. Қару-жарақтың түрлері болатын, оларды жинап, оларды танысып, білетін оқу-әдістемелік құралдары болатын. Олардың мәселесі әлі де шешілмей жатыр.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01