Өзбекстанда отбасылық балабақша саны артып келеді
Өзбекстанда отбасылық балабақша саны артып келеді. Ерекше жоба қолға алынғалы бері олардың саны 4 жарым мыңға жеткен. Сондай ақ, «қызыл» санатқа жататын мектеп саны 1 526-дан 404-ке қысқарған. Айта кетсек, елдегі білім мекемелері жасыл, сары және қызыл болып үш санатқа бөлінеді. Соңғысы, оқу-ағарту көрсеткішінің ең төменгі деңгейі саналады. Білім министрлігінің хабарлауынша, инклюзивті білім беру де мықтап қолға алынған. Мұндай әдіс енгізілген мектеп саны 415-ке жетті. Елде жалпы 10 мыңнан астам білім ошағы бар, оның 70-ке жуығы қазақ мектебі.
Дилфуза Собирова, Мектепке дейінгі және мектептегі білім беру министрлігінің өкілі:
Өткен жылы инвестиция тартудың арқасында 563 мектепте күрделі жөндеу жүргізіліп, 120 мың балаға шақталған жаңа оқу орны ашылды. Оқушылар ең беделді 5 халықаралық ғылым олимпиадасында 13 медаль, басқа да білім жарыстарында 52 медаль жеңіп алды.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
10.03.2026, 20:56
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
10.03.2026, 20:49
Өңір тұрғындары Конституциялық реформаға қолдау білдірді
10.03.2026, 20:16
Шетелге саяхаттау қауіпсіз бе?
10.03.2026, 20:16
Сыртқы Істер министрлігі ескерту жасады
10.03.2026, 20:12
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны емге пайдалануға қайтадан рұқсат етілмек
10.03.2026, 20:12
Елімізде былтыр 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
10.03.2026, 20:10
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
10.03.2026, 20:09