«Шырша сізден, алғыс бізден» науқаны басталды
Алматыдағы хайуанаттар бағы тұрғындарға Жаңа жылдық мерекеден кейін қалған шыршаларды қоқысқа тастамауды өтінеді. Олар көпшіліктен жасыл желекті зообаққа өткізулерін сұрап отыр. Өйткені табиғи шыршаларды бұғы, түйе мен ешкілер сүйсініп жесе, өзге жан-жануарлар үшін табиғи ортаны сезіну үшін маңызды. Әзірге бір аптада бірнеше отбасы шыршаларды әкеліп өткізген екен. Зообақ қызметкерлері қалалықтардың ескі жаңа жылдан кейін шыршаларды көптеп өткізетінін күтіп отыр.
Балабек Мақатов, «Алматы хайуанаттар бағы» тұяқтылар бөлімінің меңгерушісі:
Бұл әрине бірінші жыл емес, 3-4 жыл бұрын басталған сондай іс-шараларымыз. Тек қана шырша емес, күзде емен жаңғағын да қабылдайтын, сондай іс шараларымыз бар. Қала тұрғындарынан және бізге келіп жатқан қонақтардан сұраймыз. Соны қоқыстарға тастамай, біздің баққа әкеліп, біздің малдарымызға сонымен ойнатуға, солардың аромат иістерін сезуге табиғи жағдайға келтіруге бізге әкеп тастаса екен деген сұранысымыз бар.
Әйгерім Ердаулет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сынып ішіне камера қоюдың қажеті жоқ
19.12.2025, 20:09
ЛГБТ насихатына қарсы петицияға 50 мыңнан астам адам дауыс берді
19.12.2025, 20:07
Балаларды әлеуметтік желіден шектеу: Халық пікірі қандай?
19.12.2025, 20:04
Елімізде 16 жасқа дейінгі балаларға онлайн-платформаларға тіркелуіне шектеу қойылуы мүмкін
19.12.2025, 20:03
Президент Акасака мемлекеттік сарайына барды
19.12.2025, 20:02
Қазақстан-Жапония: Серіктестіктің жаңа кезеңі
19.12.2025, 20:00
Қарулы күштердің үздіктері марапатталды
19.12.2025, 17:40
Көлік және логистика саласының үздіктері анықталды
19.12.2025, 17:39