Басты Жаңалықтар Тартылған теңіздің 165 мың га алқабына ағаш отырғызылады

Тартылған теңіздің 165 мың га алқабына ағаш отырғызылады

Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы аясында Арал теңізінің айналасын көгалдандыру жұмысы күшейіп келеді. Биыл айдын сортаңындағы 165 мың гектар алқапқа ағаш отырғызылады. Қазір құрғаған табанында тәлімбақ құрылысы жүріп жатыр. Жалпы, елдегі экологиялық акция қалдық жинаумен шектелмей, ағаш егу, бітелген бұлақ көздерін ашу секілді жобалармен жалғасып келеді. Данияр Әлімқұл акция аясындағы атқарылып жатқан шараларды тарқатады.

Елімізде экологияны жақсарту жолындағы үздіксіз жұмыс үдеден шығып келеді. Мәселен, тартылған Аралдың табанын орманға айналдыру  туралы 4 жылдық жоба жемісін берді. Сөйтіп мелиорациялық бақ ауқымы 1 млн га астам алқапқа ұғайды. Эколог Қазақстандағы мұндай шараның шарапатын елімізден бөлек, еуропалықтар да көретінін айтады. Өйткені сидаң бұталы сексеуіл алқабы артқан сайын алыстағы елдердің  аспанын Аралдың тұзды шаңы тұтпайтын болады.

Қожамұрат Баубек, эколог:

Арал тартылғаннан кейін тұзы Тянь-Шяньға дейін, Еуропаға дейін барған. Өте тұзды су, 2 промильден көбірек болған. Не үшін Арал теңізінің тағдырына нЕуропада, бүкіл әлемде қатты ыстық болып тұр. Себебі тек біздің Орталық Азияның проблемасы емес, ол бүкіл глобал жағынан қарағанда бүкіл энергосистемаға әсер етіп отыр.

Сондықтан меже мұнымен тоқтамайды. Биыл 165 мың га алқапқа сексеуіл отырғызылады. Үкімет басшысы жоспарды сәуірдің соңына дейін орындауды тапсырды. Жалпы, өңірде Қазақ орман шаруашылығы және агроорман мелиорациясы ғылыми-зерттеу институтының филиалы құрылды. Жоба ғылыми сүйемелдеуді қамтамасыз етеді. Бүгінде «Арал Орманы» мемлекеттік табиғи резерватын құру аяқталуға жақын.

Арал теңізіне 23,5 млрд м³ су жіберілді

Нұржан Нұржігітов, ҚР Су ресурстары және ирригация министрі:

Ең бірінші солтүстік Арал теңізін сақтап қалу мәселесі тұр. Сондықтан қалай министрлік құрылды, біз солай Солтүстік теңізге су беру туралы алдымызға мақсат қойдық. 18,5 текше метр шақырымнан, бүгінгі күні біз оны 23,5 млрд текше метрге жеткіздік. Экология мәселесі оң әсерін тигізді. Балық шаруашылығы қазір дамып келе жатыр.

Иә, кезінде ауы ауа қармап қалған балықшылардың біртіндеп жұмысы жандана бастады. Бүгінде 20-ға жуық кәсіпорын балық өңдеумен айналысып отыр. Сондай-ақ Аралдың айналасындағы дихандар да қолына күрек, кетпен ұстай бастады.

Күрекбай Сейіт, шаруа:

Осыдан өнім аламыз ба деп істеп жатқанымыз ғой. Бірінші бастап егіп жатырмыз, биыл тамшылатып суаруды бастадық. Нәтижесі жақсы, енді шығып келе жатыр еккен жеріміз.

Еліміз сексеуілдер арқылы Аралдағы экологиялық дағдарысты тоқтатуға тырысып жатыр. Ал биыл наурызда Президент тапсырмасымен суды сақтау, қайнарларды ашу бойынша «Мөлдір Бұлақ» жобасы жүзеге асты. Акция аясында елдегі 700-ден астам әлеуетті су нысандары түгенделіп, тізімі жаңғырмақ.

Бөлісу