Боксшыларымыз Азия чемпионатын сәтті бастады
Моңғолия астанасы Ұланбатырда басталған бокстан Азия чемпионатын боксшыларымыз сәтті бастады. Алғаш болып шаршы алаңға 60 келі салмақтағы Оразбек Асылқұлов көтерілді. Филипиндікпен жұдырықтасқан жерлесіміз қарсыласын айқын басымдықпен ұтты. Жалпы, байрақты бәсекеге сарықұрылықты мекендейтін 20-дан аса елдің 250 былғары қолғап шебері қатысып жатыр. World Boxing аясында өтіп жатқан сында ерлер мен әйелдер 10 салмақта өзара мықтыны анықтамақ. Дүбірлі дода 10 сәуірге дейін жалғасады. Барлық жекпе-жектерді «Qazsport» арнасының эфирінен көре аласыздар.
Оразбек Асылқұлов, бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі:
Біз үш күн бұрын келгенбіз. Адаптациядан өттік. Нұржан ағай қойған тактикасын орындап, жеңіске жеттік. Тактика - алдыңғы қолмен дистанция ұстап, артқы қолды шығарып алып, шабуылмен ұрып шығып кету. Келесі боксшы - Жапондық Хитамото. Ол өте танымал.
Автор
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мың бала» байқауының жеңімпаздарын марапаттады
22.10.2026, 13:13
Азия пара ойындары: Ядро лақтырып сайысты
22.10.2026, 13:11
Ұлттық музейде 30 түрлі тағдыр көрсетілген фотокөрме ашылды
22.10.2026, 13:10
Өскеменде экологтар жастарға дәріс оқыды
22.10.2026, 13:09
Зерендіде халықаралық «Қансонар» құсбегілік турнирі өтті
22.10.2026, 13:07
Астана сауда үйлері жеңілдіктер науқанын өткізуде
22.10.2026, 13:05
Қазақстан мен Ресей: Дипломатияға 34 жыл
22.10.2026, 13:03
Конституциялық реформа – тұрақтылық кепілі
22.10.2026, 13:01