1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі өзгерді
1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 27 мамырға ауыстырылды. Оқу-ағарту министрлігі өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе, оқушыларды 1-сыныпқа қабылдау науқанының басталу мерзімін өзгертуді жөн деп тапқан. Сонымен баланы мектепке беру үшін қандай құжаттар тізімі талап етіледі? Ата-атаналарда білім ордасын таңдау құқығы бар ма? Тілшіміз біліп көрді.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
1-сыныпқа құжат қабылдау мерзімі 1 сәуірден 27 мамырға ауыстырылды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Ведомство мұндай шешімді өткен жылдардағы тәжірибені зерделей келе қабылдағанын хабарлады. Өзгеріс құжат қабылдауды тиімді әрі сапалы ұйымдастыру және оқу процесіне кедергі келтірмеу мақсатында жасалған. Министрдің айтуынша, биыл құжат қабылдау 27 мамыр, сәрсенбіден басталып, 31 тамызға дейін жүргізіледі. База бірнеше мәрте тесттен өтіп, ата-аналар үшін барынша қолайлы жағдай жасалған. Мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі мынадай: ең алдымен баланың ата-анасы немесе заңды өкілінің өтініші керек. № 065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және № 052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты қажет. Сондай-ақ 2 дана 3х4 см өлшеміндегі фотосурет талап етіледі. Министрліктің бұйрығы бойынша әр мектепке белгілі бір аумақ бекітіледі. Сол аумақта тұратын балаларды мектеп міндетті түрде қабылдауы керек. Дегенмен ата-аналар немесе заңды өкілдер баланы кез келген басқа мектепке беруге құқылы, бірақ ол үшін бос орын болуы тиіс.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыПрезидент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Тазалық ең әуелі адамның сана-сезімінен басталуға тиіс»
21.09.2026, 11:12
Азия ойындарының екінші жарыс күні басталды
21.09.2026, 10:07
Үстел теннисінен Президент кубогы мәресіне жетті
21.09.2026, 10:06
Таразда 42 көше күрделі және орташа жөндеуден өтіп жатыр
21.09.2026, 10:04
Мерцтің партиясы сайлауда жергілікті парламентке өткен жоқ
21.09.2026, 10:03
Трамп Иранға қатысты мәлімдеме жасады
21.09.2026, 10:01
Түнгі рейд: Алматыда 500-ден аса жүргізуші жол ережесін бұзған
21.09.2026, 09:59
Қоғам тыныштығын бұзған жүргізушілер жауапқа тартылды
21.09.2026, 09:58