Басты Жаңалықтар Дубайға қатынайтын ұшақтар сәуірдің соңына дейін тоқтатылды

Дубайға қатынайтын ұшақтар сәуірдің соңына дейін тоқтатылды

Air Astana әуе компаниясы Таяу Шығыстағы тұрақсыз ахуалға байланысты Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын тұрақты рейстерді уақытша тоқтату мерзімін ұзартты. Енді шектеу 2026 жылдың 30 сәуіріне дейін күшінде болады. Әуе компаниясы бұл шешімді өңірдегі қауіпсіздік жағдайына байланысты қабылдағанын хабарлады. Қазіргі уақытта Таяу Шығыстағы қақтығыс жалғасып жатқандықтан, жолаушылардың қауіпсіздігі –  басты назарда. Ұшпай қалған рейстердің жолаушыларына әуе билеттері бойынша бірнеше балама ұсыныс қарастырылған. Атап айтқанда, билет құнын толық қайтарып алуға, Дубай бағыты бойынша 30 маусымға дейін тегін қайта брондауға немесе әуе компаниясының басқа бағыттарына айыппұлсыз ауыстыруға мүмкіндік бар. Бұл ретте тариф айырмасы мен әуежай алымдары қосымша төленуі мүмкін. Рейстерді қайта қалпына келтіру туралы шешім қосымша хабарланады, деді Air Astana әуе компаниясының баспасөз қызметі.


Бөлісу