Қ.Тоқаев: Кез келген қиындық жаңа мүмкіндікке жол ашады
Ел экономикасын дамыту жұмыстары екі негізгі бағыт бойынша жүргізіледі. Алғашқысы – ауқымды өнеркәсіптік жобалар жүзеге асырылады. Оған ірі инфесторлар тарту көзделіп отыр. Ал екінші бағыт бойынша экономиканың барлық саласына қатысты реформа жүргізілмек. Мемлекет басшысы «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында осылай деді.
Қасым-Жомарт Тоқаев6 Қазақстан Республикасының Президенті:
«Әлемдегі экономикалық ахуал біздің елге де салқынын тигізетіні сөзсіз. Алайда кез келген қиындық жаңа мүмкіндікке жол ашады. Үкіметтің жел қайдан соқса да желкенді өзіне оңтайлы бұра алатындай, жан-жақты ойластырған жоспары болуға тиіс. Экономиканың өсімін ынталандыру шаралары мен құрылымдық реформалар қатар жүруі керек. Нақтырақ айтсақ, кәсіпкерлік пен бәсекені дамыту, жекеменшікті қорғау, әділ сот төрелігі болуы өте маңызды. Сонда ғана көздеген мақсаттарымыздың бәріне қол жеткізіп, белгіленген мерзімде ұлттық экономика көлемін екі есе ұлғайта аламыз».
Оңғар Алпысбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: Әрбір азамат өз болашағына және міндетіне адал қарауы тиіс
16.10.2026, 11:54
«Таза Қазақстан» Road-эстафетасы Абай облысында: Жидебай қорығы тазартылды
16.10.2026, 10:28
Бүгін қазақстандық спортшылар пара үстел теннисінде бақ сынайды
16.10.2026, 10:17
Ақмола облысында ескерткіштердің маңайы қоқыстан тазартылды
16.10.2026, 10:16
Жетісу облысында 22 мың тонна алма жиналды
16.10.2026, 10:15
Эбола вирусы Конгоның сегіз провинциясында өршіп барады
16.10.2026, 10:12
АҚШ-та мектепке жасалған шабуылдан 4 адам қаза тапты
16.10.2026, 10:11
Хуситтер Адендегі президент сарайына зымыранмен соққы берді
16.10.2026, 10:09