Адай жылқысы ұлттық бренд ретінде тіркелді
Адай жылқысы ұлттық бренд ретінде тіркелді. Бұл туралы Әділет министрлігі хабарлады. Мемлекет басшысы асыл тұқымды жылқыны Маңғыстаудың байлығына теңеп, оны әлемге танытуды Үкіметке тапсырған болатын. Ол үшін Мемлекеттік комиссия құрылды. Жылқының генетикалық құрылымын зерттеу жұмыстары жүрді. Нәтижесінде Адай тұқымдас тұлпардың бірнеше түрі жаңа ұлттық бренд ретінде тіркеліп отыр. Бұл жылқының санын көбейтуге, туризмді дамытуға септігін тигізеді, - дейді министрлік өкілдері.
Айдын Артықова, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» директорының орынбасары:
23-ші жылдың ең жақсы жаңалықтарының бірі, соңғы күндерінің. Бұл асыл тұқымды адай жылқысын патенттеу. Т арихы, генетикалық құрамы басқа да өзінің ерекшеліктері бар. Патент алынды деген сөз – айрықша құқыққа ие болады құқық иеленушілер. Яғни, олардың рұқсатынсыз үшінші тұлғалар бұл тұқымды пайдалануға заңды түрде тыйым салынады деген сөз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы қазақстандықтарды Ұлттық кітап күнімен құттықтады
23.04.2026, 10:39
Қарағанды облысында жел электр станциясы іске қосылады
23.04.2026, 10:38
Әлемде парниктік газ шығарындылары күрт көбейіп барады
23.04.2026, 10:22
Жасыл энергия - тұрақты дамудың қозғаушы күші
23.04.2026, 10:17
Каспий теңізін сақтау мәселесі талқыланады
23.04.2026, 10:07
Аралды құтқару: 4 маңызды құжатқа қол қойылды
23.04.2026, 10:02
Қазақ халқының көмескіленген этнографиясы
22.04.2026, 20:58
Сарапшы: Жаңбыр суын жинау тәжірибесі маңызды
22.04.2026, 20:11