Сарапшы: Жаңбыр суын жинау тәжірибесі маңызды
Жаңбыр суын жинап, оны тиімді пайдалансақ, бір елді энергиямен қамтуға болады. Осындай мысалды гидролог, Словакияның экс премьер-министрінің cу ресурстары бойынша кеңесшісі Майкл Кравчик келтірді. Кәсіби маманмен әріптесім Темірлан Нұржанұлы сұхбаттасқан еді.
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
Майкл мырза, климаттық өзгерістерге қарсы күресте сіз басты назарды ірі инфрақұрылымдық жобаларға емес, табиғи су айналымын қалпына келтіруге аудару керек дейсіз. Су жүйесін реттеу климат дағдарысын қалай шеше алады?
Майкл Кравчик, Гидролог /Словакия/:
Жаңбыр суын экожүйеде ұстап қала алсақ, бұл климат үшін өте тиімді. Мысалы, атмосфераға буланған бір текше метр су шамамен, 700 киловатт-сағат энергия тұтынады. Словакияда қатты жауыннан кейін 15 миллион текше метр су ағып, Қара теңізге құяды. Бұл елдің бір жыл тұтынатын энергиясына тең. Яғни су мен энергия жүйесі өзара тығыз байланысты. Осыны терең түсініп, тасқынның, қуаңшылықтың алдын алуда, климаттық тұрақтылық пен табиғаттың төзімділігін арттыруда стратегиялық шешімдерге жүгінуіміз қажет.
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
Тәжірибелеріңізден су мәселесін шешуде демократиялық басқару мен жергілікті қоғамның ұстанымы аса маңызды екенін байқадық. Сонда тұрғындардың рөлі қандай?
Майкл Кравчик, Гидролог /Словакия/:
Үздік тәжірибелер жергілікті деңгейде қалыптасады. Орталық жүйе сол модельді қабылдайды. Сонда өзгеріс әлдеқайда жылдам жүреді. Халыққа да тиімді. Жалпы, экология тақырыбының президенттер деңгейінде көтерілуі, су мен экожүйені қалпына келтіру түйткілдерінің талқылануы мәселенің аса маңыздылығын аңғартады. Егер Орталық Азия елдері осы бағытта жүйелі жұмыс істеп, жаңбыр суын жинау және табиғатты қалпына келтіру бойынша ұтымды шешімдер қабылданары даусыз.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
PGL ASTANA 2026: Әлемнің үздік командалары елордада бас қосты
15.05.2026, 20:24
800 шебер екі шақырымдық құрақ көрпе жайды
15.05.2026, 20:19
Сәуле Досжанның кітабы оқырманға таныстырылды
15.05.2026, 20:16
Қаскелең өзені қоқыстан тазартылды
15.05.2026, 20:13
Конституциялық реформалар жүйелі іске асып жатыр
15.05.2026, 20:09
Көкшетауда «Отбасы аллеясы» ашылды
15.05.2026, 20:08
Астананың сәні мен сәулетін бақылайтын арнайы кеңес құрылуы мүмкін
15.05.2026, 20:08
«Worldskills Astana-2026» чемпионаты басталды
15.05.2026, 20:06