Әлемде парниктік газ шығарындылары күрт көбейіп барады
Қалаларда көлік көп. Соған сай, парниктік газ шығарындыларының мөлшері жоғары. Сондықтан урбанизацияға, қоршаған ортамен байланысқа аса мән беру-маңызды. Бүгін Hilton алаңында бірқатар маңызды мәселе қаузалмақ.
Темірлан Нұржанұлы, тілші:
Осыдан бір сағат бұрын басталған климаттың өзгеруі жөніндегі 8-ші Орталық Азия конференциясы жалғасып жатыр. Аймақтағы елдер климаттық қатерлерге қарсы ортақ ұстаным мен нақты шешімдерді талқылауда. Бұдан бөлек, 10-нан астам сессия өтеді. Соның бірі урбанизацияға қатысты. Бұл тақырып бүгінде өте өзекті. Себебі әлем халқының шамамен 56 пайызы қалаларда тұрады, ал 2050 жылға қарай бұл көрсеткіш 70 пайызға жетуі мүмкін деген болжам бар. БҰҰ дерегіне сүйенсек, қалалар жаһандық энергияның басым бөлігін тұтынады және мұнда парниктік газ шығарындыларының мөлшері жоғары. Дегенмен, қалалар әлемдік ІЖӨ-нің 80 пайыздан астамын өндіретінін де, ұмытпаған жөн. Демек, миллиондарға мүмкіндік беретін ортаның дамуын да, эко-қауіпсіздігін де бірдей қаматамсыз ету — басты мақсат. Сондай-ақ, жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін кадрлар даярлау бойынша меморандумға қол қою жоспарланып отыр. Бүгінгі жиынның қорытындысы туралы ақпараттың алдағы шығарылымдарында айтамыз.
Автор
Темірлан Нұрсолтан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Денсаулық сақтау жүйесін жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр
28.08.2026, 20:30
Диқандар кәсіпорын қалдығын кәдеге жарата бастады
28.08.2026, 20:28
Ақмола облысында мектептерде күрес залдары ашылып жатыр
28.08.2026, 20:27
Шыңыраудың түбінен көмір қазған кеншілер
28.08.2026, 20:22
Ақтөбеде оқушылар ауа райын болжайтын құрылғы құрастырды
28.08.2026, 20:19
Өскемен облысындағы оқушылар халықаралық олимпиадаларда көш бастап тұр
28.08.2026, 20:16
Медицина сапасына енді қоғамдық бақылау күшейеді
28.08.2026, 20:13
Мектеп формасы талабын сақтамағандар айыппұл төлейді
28.08.2026, 20:12