Басты Жаңалықтар Аралды құтқару: 4 маңызды құжатқа қол қойылды

Аралды құтқару: 4 маңызды құжатқа қол қойылды


Арал теңізінің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында 4 маңызды құжатқа қол қойылды. Халықаралық Аралды құтқару қоры құрылтайшы мемлекет басшылары кеңесінің отырысында аймақ елдеріне ортақ мәселелер көтеріліп, шешу жолдары ұсынылды. Соңғы 3 жылда қорға Қазақстан төрағалық еткен. Осы уақыт аралығында бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді. Оның нәтижесі көрініп, халықтың тұрмысы мен экономикаға әсер етіп жатыр. Дегенмен шешілмеген мәселе әлі де көп.

Солтүстік Аралдың экожүйесі қалпына келген сайын Арал маңындағы балық шаруашылығына, жалпы әлеуметтік-экономикалық ахуалға жағымды әсер етті. «Арал» геопаркі құрылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Осылайша, Қазақстанның төрағалығы қордың тиімділігін көтеруге бағытталды. Қолдау көрсетіп, бірлесе әрекет еткен барлық құрылтайшы мемлекеттерге шынайы алғысымды айтамын.

Дегенмен шешілмеген мәселе әлі де көп. Орташа температураның өсуі, құрғақшылықтың күшейіп қыстың суық бола түсуі алаңдатарлық мәселе.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Аралқұм шөлінен жыл сайын ондаған миллион тонна тұз, құм, түрлі химиялық заттар атмосфераға көтеріледі. Олар әлемнің ең шалғай түкпірлерінен, мәселен, Солтүстік Мұзды мұхиттан табылып, алыс аумақтағы топыраққа, экожүйеге және адамдардың денсаулығына зиян келтіріп отыр. Теңіз табанынан ұшқан тұзды шаңның Тянь-Шань мен Памир мұздықтарына дейін жетуі алаңдаушылық туғызады.

Қасым-Жомарт Тоқаев су саласын цифрландыруды, соның ішінде Сырдария мен Әмудария бассейндерінде мониторингтеудің бірыңғай автоматтандырылған жүйесін енгізуді басты міндет ретінде атады. Сөз соңында Президент Арал тағдыры – аймақ елдеріне төнген зор экологиялық қауіп-қатер ғана емес, нақты нәтижеге жету жолындағы әрекеттердің сыналар шағы екенін айтты.

Асхат Оразбай, Халықаралық Аралды құтқару қоры атқарушы комитетінің төрағасы:

Саммите қабылданған маңызды шешімдердің бірі 26-наурызды халықаралық Арал теңізі, Сырдария және Әмудария өзендерінің күні деп қабылдануы болды. Енді бұл су айдындарының айналасында тұратын халық, жалпы елдеріміз бұл мерекені бірлік күні ретінде атап өтіп, экологиялық мәселелерге жауапты қарайды деген сеніміміз бар.

Саммит қорытындысы бойынша бұл мереке ресми құжатпен бекітілді. Сондай-ақ, құрылтайшы мемлекеттердің шешімі шығып, Астана мәлімдемесі қабылданды. Бас-аяғы 4 маңызды құжатқа қол қойылды.


Бөлісу