Басты Жаңалықтар Каспий теңізін сақтау мәселесі талқыланады

Каспий теңізін сақтау мәселесі талқыланады

Каспий теңізін сақтау мәселесі талқыланады. Бүгін Өңірлік экологиялық саммитің екінші күні. Кешелі бері Астанда Орталық Азиядағы табиғи апаттардың алдын алу жолдары қарастырылып жатыр. Мемлекет басшыларынан бастап, түрлі саладағы ғалымдар пікір білдіріп, болашақ алаңдап отыр. Бүгінде сарапшылар осы табиғи ресурстарды жүйелі басқару, экожүйені құтқару бойынша ойларын ортаға салмақ. Әріптесім Ернұр Медет дәл қазір панельдік сессиялар өтетін конгрес орталығынан тікеелй қосылымға дайын тұр. Ернұр күн тәртібінде негізгі тақыроыптарға тоқталсаң...?

Ернұр Медет, тілші:

Астанадағы қарбалас әлі басылмады. Шетелдік ғалымдар мен мамандар бас қалада бас қосқан соң, кешелі бері елорданың кейбір бөліктерінде көлік кептелісінің болғаны рас. Алайда сол шағын келеңсіздіктер, келешекте болатын үлкен кедергілердің алдын алу үшін жасалып отыр. Панельдік сессиялар бүгінде жалғасады. Ең өзектілерінің бірі Каспий теңізін құтқару. Себебі біз Аралдан ащы сабақ алдық. Бір кездері әлемдегі ірі су айдындарының бірі болған теңіз, дұрыс жоспарланбаған су саясатының салдарынан тартылып кетті. Нәтижесінде тұтас өңірдің әлеуметтік-экономикалық тірегі күйреді. Ал енді соңғы 30 жылда Каспий теңізінің суы жылына орта есеппен 10 см төмендеген. Жағалау ондаған шақырымға шегініп, су орны құрлыққа айналып жатыр. Қайтпек керек, сарапшылар ұсынысын алдағы шығарылымдарда айта жатармыз. Сондай-ақ талқылаулар EXPO көрме залында да өтеді. Құрметті көрермен, сіздерде арнайы жасақталған ерекше жасыл алаңға барып, экологяины қорғау бағытында технологиялармен түрлі инновациялық жобалармен таныса аласыздар!


Бөлісу