Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында жел электр станциясы іске қосылады

Қарағанды облысында жел электр станциясы іске қосылады


Саммит аясында көтеріліп жатқан тақырыптар мен проблемалар біздің жіті назарымызда. Сондай-ақ, Қарағанды облысында қуаты 500 МВт жел электр станциясы іске қосылады. Астанада өтіп жатқан өңірлік экологиялық саммит аясында Қазақстан мен Қытай электр станциясын салу жөнінде уағдаласты. Премьер-Министр Олжас Бектенов қазақстандық-қытайлық бірлескен кәсіпорын арасындағы келісімді мақұлдады. Аталған станция мемлекетаралық келісім аясында жүзеге асырылмақ және еліміздегі жаңартылатын энергия көздерін дамыту жөніндегі ауқымды бағдарламаның бірі болмақ. Жобаға 645 млн доллар көлемінде инвестиция салынады. Станция жыл сайын шамамен сағатына 1,6 млрд кВт «жасыл» электр энергиясын өндірмек. Әрі жыл сайын шамамен 1,3 млн тонна көмірқышқыл газының шығарылуын азайтып, экологияға елеулі оң әсер береді.

Әлімжан Тұрар, ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры:

Келісімшарт аясында қарастырылған, инвесторларға қойылатын талаптардың бірі – ол отандық өнімдерді қолдану, отандық жұмысшыларды, осы жобаны құрастырған кезде соларды мейлінше осы жобаға кіріктіру, біріктіру.


Бөлісу