Басты Жаңалықтар Жасыл энергия - тұрақты дамудың қозғаушы күші

Жасыл энергия - тұрақты дамудың қозғаушы күші


Саммиттің екінші күнінде де әріптестеріміз диалог алаңында талқыланып жатқан мәселелер мен айтылып жатқан ұсыныстар туралы ақпарат беріп, хабар таратады. Иә экологияны жақсарту күрделі технологиялардан бұрын қарапайым қағидаларды сақтаудан басталады. Осылай деген ЮНЕСКО-ның Орталық Азиядағы кеңсесінің директоры Амир Пирич қоғамды негізгі ережелерді ұмыт қалдырмауға шақырды. Ол аймақтағы мемлекеттердің ортақ ұзақмерзімді даму стратегиясын жаңарту қажет деп есептейді.

Ақерке Бектас, тілші:

Қазір жаһандық экологиялық ахуалдың күрт өзгеріп жатқаны айқын байқалады. Әсіресе, өзен-көлдердің тартылуы өзекті мәселеге айналды. Орталық Азиядағы ең ірі аймақтық саммиттің Қазақстанда өтуі экологиялық мәселелерді шешуге қаншалықты ықпал етеді?

Амир Пирич, ЮНЕСКО-ның Орталық Азиядағы кеңсесінің директоры:

ЮНЕСКО атынан айтар болсам, біз климаттың өзгеруі мен түрлі экологиялық мәселелерге тап болған шешуші кезеңде тұрмыз. Сондықтан ең бастысы — дұрыс әрі жауапты бастама көтеру.

Ақерке Бектас, тілші:

What role do green technologies play in accelerating sustainable development? Which types of green technologies are the most impactful today?

Амир Пирич, ЮНЕСКО-ның Орталық Азиядағы кеңсесінің директоры:

Әрине, табиғаттың игілігін оған зиян келтірмей пайдалансақ соғұрлым мәселе де азая түсетіні айтпаса да түсінікті. Осы тұрғыдан алғанда, жел энергиясы сияқты баламалы энергия көздерін пайдалану өте маңызды. Жалпы, жаңартылатын энергия түрлерін дамыту бүгінгі күннің басты бағыттарының бірі. Сондықтан елдер арасында тәжірибе алмасу да аса қажет. Өйткені кейбір мемлекеттер бұл бағытта айтарлықтай табысқа жетіп отыр. Демек, бәрін қайтадан жаңадан ойлап табудың қажеті жоқ. Дайын әрі тиімді жұмыстар қазірдің өзінде бар, тек соларды дұрыс пайдаланып, бейімдей білу керек.

Ақерке Бектас, тілші:

What simple principles should people always keep in mind? Should people not forget?

Амир Пирич, ЮНЕСКО-ның Орталық Азиядағы кеңсесінің директоры:

Шын мәнінде, біз келер ұрпаққа – өз балаларымызға және одан кейінгі буынға өмір сүруге қолайлы ғаламшарды қалдырып кетуіміз керек. Жер бетіндегі тіршілік біздің ғұмырымыздан әлдеқайда ұзаққа жалғасады. Сондықтан болашақты ойлау маңызды. Дәл осы ұстаным әрқайсымыз үшін бағыт-бағдарға айналуы керек.


Бөлісу