Қазақстанның сыртқы саясаты нығайып келеді – Сенат депутаты
Тек экономикалық емес, Қазақстанның сыртқы саясаты да нығайып жатыр. Әсіресе, Астанада өткен Түркі елдері саммиті жақсы нәтиже берді. Сенат депутаты Андрей Лукин елдің саяси-экономикалық дамуына осындай баға берді. Оның сөзінше, қазір өзге елдермен парламентаралық байланыс күшейе түскен. Биыл Палата өкілдері Африка елдері, Албания, Қырғызстан және Өзбекстан мемлекетінің заң шығару органдарымен бірнеше кездесу өткізген. Саяси-экономикалық қарым-қатынасты нығайту үшін бірқатар келіссөздер жүрген.
Андрей Лукин, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Биыл 60-дан астам заң қабылданды. Оның барлығы сауда және экономикалық байланысты нығайтуға бағытталған. Көршілес елдермен құқық саласында өзара тәжірибе алмасу бойынша келісімге келдік. Оның ішінде қылмыс пен нашақорлықпен бірлесіп күресу жұмыстары бар. Бұл ең алдымен елдің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, Қазақстанның халықаралық беделін арттырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Екі адамның мәйіті кәріз құдығынан табылды
23.04.2026, 13:33
Бүгін – Мемлекеттік күзет қызметі күні
23.04.2026, 13:30
Қытайлық қандасымыз атажұртты велосипедпен аралап жүр
23.04.2026, 13:27
Түркология құрылтайына 100 жыл
23.04.2026, 13:25
Қазақстандағы демократиялық реформалар жоғары бағаланды
23.04.2026, 13:22
Тегеран мәселені келісім арқылы шешуді қолдайды
23.04.2026, 13:20
Lufthansa 20 мыңдай әуе рейсін қысқартпақ
23.04.2026, 13:18
31 мамырға дейін Дубайға ұшу тоқтатылды
23.04.2026, 13:15