Басты Жаңалықтар Дайындықсыз келген министрдің орынбасары қатаң ескерту алды

Дайындықсыз келген министрдің орынбасары қатаң ескерту алды

Сауда және интеграция министрінің орынбасары Қайрат Төребаев, Сенат төрағасынан қатаң ескерту алды. Жоғары палатаның жалпы отырысында депутат Советбек Медебаев, «KazakhExport» компаниясынан бюджетке аз салық түскенін айтып, дивиденттерді есептеу қалай жүретінін нақтылаған болатын. Алайда вице-министрдің жауабы болмады. Жазбаша жауап жолдауға рұқсат сұрады.

Қайрат Төребаев, ҚР Сауда және интеграция министрінің орынбасары:

Біз бұл компанияның қаржылық жағдайымен айналыспаймыз. Бұл мәселеге де рұқсат берсеңіз, жазбаша түрде де жауап берейік. Өйткені, бұл жерде салық мәселесі біздің министрлікте емес. 
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:

Бұл жерде тек салық қана емес. Девидент те көтеріліп жатыр ғой әріптесіміз. +Осындай отырыстарға дайындалып келу керек. Бұған дейін сұрақ қойған Алишер Сатвалдиевтің сауалына да жазбаша жауап беремін дедіңіз. Енді осы сұрақты да маған қатысы жоқ екенін айтып отырсыз. Сіз бүгінгі отырысқа Үкіметтен бас спикер ретінде шақырылдыңыз. Сондықтан әріптестеріңізбен мәселелерді алдын ала талқылап, цифрларды талдап, тыңғылықты дайындалып келуіңіз керек қой.
 ПАРЛАМЕНТ БИЫЛ 92 ЗАҢ ҚАБЫЛДАДЫ 

Жалпы Сенат бүгін бір жылдық жұмысын қорытындылады. Биыл Парламент 92 заң қабылдаған. Оның ішінде, сот жүйесі, прокуратура қызметі, сондай-ақ әкімшілік реформа мәселелеріне қатысты заң жобалары бар. Спикердің айтуынша, Конституциялық реформаның нәтижесінде, палаталардың рөлі мен ықпалы артты. Сенат құрамына жаңадан 10 депутат қосылды. Оның бесеуін Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұсынған. Ал заң жобалары жаңа тәсілмен қарала бастады. Депутаттар бүгіннен бастап, халықты алаңдататын мәселелерді тыңдау үшін өңірлерге аттанады.

Бөлісу