Павлодарда мүгедек балаларға сақтау мерзімі өтіп кеткен сыйлықтар берілді
Павлодардың іргесіндегі шағын қала Ақсуда жаңажылдық шырша мерекесінде күтпеген жағдай болды.
300-ге тарта мүгедек балаларға берілген Аяз ата сыйлықтарының, яғни тәтті-дәмдінің сақтау мерзімі өтіп кеткен. Бірақ оны бірден байқау мүмкін емес. Себебі қорапша маркировкаларындағы жазу көрінбес үшін үстінен жапсырма салған. Шараны ұйымдастырған қалалық оқу бөлімі балалармен мен олардың ата-аналарынан кешірім сұрады. Алдағы екі күнде басқа сыйлықтар әкеліп беруге уәде берді. Өкілетті органның мәліметіне қарағанда, жүріп-тұруы қиын балаларға арналған жаңажылдық мерекені әлеуметтік қорғау бөлімі ұйымдастырған. Ал сыйлықтарды демеушілер арқылы оқу бөлімі әкеліпті. Бюджет қаржысы шығындалмаған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Екі адамның мәйіті кәріз құдығынан табылды
23.04.2026, 13:33
Бүгін – Мемлекеттік күзет қызметі күні
23.04.2026, 13:30
Қытайлық қандасымыз атажұртты велосипедпен аралап жүр
23.04.2026, 13:27
Түркология құрылтайына 100 жыл
23.04.2026, 13:25
Қазақстандағы демократиялық реформалар жоғары бағаланды
23.04.2026, 13:22
Тегеран мәселені келісім арқылы шешуді қолдайды
23.04.2026, 13:20
Lufthansa 20 мыңдай әуе рейсін қысқартпақ
23.04.2026, 13:18
31 мамырға дейін Дубайға ұшу тоқтатылды
23.04.2026, 13:15