Ұлыбританияда «Пиа» дауылы тұрғындарды әбігерге салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда «Пиа» дауылы тұрғындарды әбігерге салды

26.12.2023

Ұлыбританияда «Пия» жойқын дауылы қаһарына мініп, елде қауіптің сары деңгейі жарияланды. Ауа райының қолайсыздығынан Рождество қарсаңында жолаушылар діттеген жерлеріне жете алмай қалды. Сағатына 185 шақырымға жететін желдің екпіні көліктерді аударып, ағаштарды тамырымен жұлып тастады. Екпінді жел әуе тасымалына да кедергі болды. Шотландияда паром өткелдері жұмысын тоқтатты. Қазір жел басылып, қалпына келтіру жұмыстары басталды.

Марина Бекенова


Хабарламаларға жазылу