Қызылордада көктайғақ тұрғындарды әбігерге салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылордада көктайғақ тұрғындарды әбігерге салды

21.02.2018

Қызылорда қаласында жаңбыр жауып, соңы қарға ұласты. Көктайғаққа байланысты бастауыш сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. Ауа райының қолайсыздығы жол қозғалысына да кері әсер етуде. Кеше кешке 18 бағыттағы автобус аударылып, ішіндегі 15 жолаушы түрлі жарақат алды. Екі адам ауруханаға жеткізіліп, оларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсетілді. Жалпы, таң атқанға дейін облыстық медициналық орталыққа мұзға құлап, зардап шеккен 78 адам келген.   Қала көшелері түннен бері тазартылып жатыр. Барлық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Берік Сәрменбаев, Қалалық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы инспекциясының басшысы:

- Түнгі үшке дейін 16 техника жұмылыдырылды. Таңғы 5-6-дан бастап, қазіргі уақытта 180 адам қамтылып отыр. 44 арнайы техника, 336 тоннадай тұз. Жаяу жүргінші жолдарына да тазалау жұмыстары жүріп жатыр.

 

Ақерке БЕРІКБЕКҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу