Батыс Қазақстанда бұршақ жауып, тұрғындарды әбігерге салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Батыс Қазақстанда бұршақ жауып, тұрғындарды әбігерге салды

26.06.2014
Батыс Қазақстанда бұршақ жауып, тұрғындарды әбігерге салды
Батыс Қазақстан облысының Березовка елді мекенінде жұдырықтай бұршақ жауып, тұрғындарды әбігерге салды. Ауылдағы 277 үйдің шатыры тесіліп, төбеден су аққан.
 
Терезелері шытынап, сынған. Сондай-ақ, сырттағы бау-бақша жапырылып, 27 автокөлікке едәуір шығын келген. Мұны Төтенше жағдайлар департаменті хабарлап отыр. Зардап шеккендер жоқ.
 
Дәулет Оралымбеков, «Қазгидромет» РМК облыстық филиалының директоры:
23 күні нөсерлі жаңбыр мен найзағай болады деп болжанды. Бұл ақпарат тиісті органдарға берілді. Бұршақ деген найзағай мен нөсерлі жаңбырға тән құбылыс. Алдымыздағы он күнде облысымызда жауын жаумайды деп болжанған. Алдағы демалыс күндері жел күшейеді деп болжам бар.
 
Рауан ДИӘЛИ

Хабарламаларға жазылу