Өзбекстанда заң үстемдігі орнап, жаза қатаңдатылады
Өзбекстанда заң үстемдігі орнап, жемқорлардың жазасы мейлінше қатаңдатылады. Бұл жайлы елдің басшысы айтты. Қылмыс әлемінің серкелері мен жең ұшынан жалғасқан сыбайластықпен күрес жалғаса береді, - деді ол. Өзбекстанда ұйымдасқан қылмыстық топтарды анықтау және ұстау бойынша ауқымды шара өтіп жатыр. Бүгінге дейін 120-дан астам ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Олардың дені адам ұрлау, тонау, заңсыз қару сақтау мен есірткі айналымына қатысты. 4 облыста жүргізілген жедел алдын алу шарасы аясында түрлі қылмысқа қатысы бар болуы мүмкін 124 күдікті ұсталды.
Шавкат Мирзиёев, Өзбекстан Республикасының президенті:
Көшелер мен ауылдар әрдайым тыныш болуы керек, мақсат—қылмыстың адын алу. Кімде-кім заңға бағынбай, мемлекет пен қоғамға зиян келтіретін әрекетке барса, біз оған бейжай қарап отыра алмаймыз. Қылмыстық топтың серкелері болсын, сыбайлас жемқорлыққа барған шенеуніктер болсын қай қайсысы да жазасын тартуы тиіс.
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Абайды Мәскеуде де ұлықтады
11.08.2026, 13:20
Қызылордада жастар арасында дебат өтті
11.08.2026, 13:18
Филиппин аралдарында лай көшті
11.08.2026, 13:12
Шет мемлекеттерде 82 учаскелік комиссия құрылды
11.08.2026, 13:10
Колумбияда зілзаладан 164 адам қаза тапты
11.08.2026, 13:07
11 мыңға жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды
11.08.2026, 13:05
Жол ережесін бұзғандарды дрондар анықтайды
11.08.2026, 13:03
Нотариус қызметіне ЖИ енгізіледі
11.08.2026, 13:00