Өзбекстанда жанармайды алдап сатқан алаяқтар анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Өзбекстанда жанармайды алдап сатқан алаяқтар анықталды

22.12.2023

Өзбекстанда жанармайды алдап сатқан алаяқтар көбейіп келеді. Әндіжан облысындағы бірнеше бекет АИ-80 маркалы бензинді қымбат маркалы жанармай ретінде тұтынушыларға таратқан. Елдегі жанармай құю бекеттерінде соңғы екі айда 25 бұзушылық тіркелген.

Сатылымдағы сұйық отыннан алынған 17 сынаманың 7 еуінде кемшілік анықталды. Яғни, тұтынушыға АИ-92 және АИ-95 маркалы бензин ретінде сатылған жанармай шын мәнінде төмен маркалы болып шыққан. Көлік иелері түсірген видеода пысықайлардың жымысқы әрекеті анық көрініп тұр.

Жанармай бекеттеріне 500 тонна АИ-80 маркалы бензин жеткізілгеніне қарамастан жүргізушілер оның тапшы екенін айтып наразы. Көшеде бензин үшін ұзын сонар кезек. Ал пысықайлар сапасы жоғары деп елді алдап, төмен маркадағы сұйық отынды қымбатқа сатып отырған сыңайлы

Сирожиддин Мухторов, «Энергияинспекция» аймақтық басқармасы басшысының орынбасары:

Бұл іс бойынша арнайы жұмыс тобы құрылды. Жанармай бекеттерінен алынған сынамаларды тексеру жалғасып жатыр. Жүргізушілердің тарапынан бензиннің сапасына қатысты шағымдар өте көп.

Бәсекелестікті қорғау комитеті мен «Узэнергоинспекция» екі айда 82 жанармай бекетін тексерген. Оның 21-і тиісті талапқа сай болмай шықты. Айта кетсек, қазан айында 6 миллион литрден астам сапасыз мұнай өнімдері сатылғаны туралы да ақпарат тараған. Қазір арнайы жұмыс тобы құрылдып жаппай тексеру басталып кетті

Базаркүл Отыншиева


Хабарламаларға жазылу