Эстрада жұлдыздары балаларды мерекемен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Эстрада жұлдыздары балаларды мерекемен құттықтады

02.06.2016
Эстрада жұлдыздары балаларды мерекемен құттықтады

Жаздың алғашқы күні «Астана Арена» стадионының алаңында  «Болашақ энергиясы» атты ашық аспан астында үлкен мерекелік іс-шараның қатысушылары Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Астана қаласының балалар ауруханалары мен балалар үйлерін аралап өз ізгі тіліктерін білдіріп, бүлдіршіндерді құттықтады.

Атап айтқанда, Мамандандырылған балалар үйінде «Жігіттер» тобы, ресейлік «Градусы» тобы сондай-ақ Катя Лель өз өнерлерін көрсетіп бүлдіршіндерді қуантып қайтты.  Алмас Кішкенбаев, ресейлік Ханна, Егор Крид «Ана мен бала орталығында» онкология бөлімінде ем қабылдап жатқан балаларға денсаулық тілеп, баршаға қуаныш сыйлады. Бұл туралы Астана қаласының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

«Өз денсаулығы үшін күресіп, өмір сүргісі келген әр бала үшін біз әрдайым өнерімізді паш етуге дайынбыз. Өйткені еліміздің болашағы - жас бүлдіршіндер. Жақсы көңіл күй қашанда адам баласының ұзақ өмір сүруіне кепіл болған! Сондықтан, осы балаларға қуаныш пен шаттық көрсетуге аянбай еңбек етеміз», - деді Алмас Кішкенбаев.

 Сондай-ақ, Анастасия Волочкова, Сати Казанова, «Кешью» тобы және «Жүгінісовтер» триосы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында балаларға қуаныш сыйлады. «Балам-ай» мүмкіндігі шектеулі орталығында Мадина Сәдуақасова, ресейлік Максим және Таня Терешина, сондай-ақ Бүркіт, ресейлік Анна Седакова танымал әншілер Потап және Настя №1, №2 қалалық балалар ауруханасына барып жасөспірімдерді мерекелерімен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, жылы ықыласқа бөлеп қайтты. Отандық және ресейлік шоу бизнес өкілдері тек ән айтып қоймай, балаларға арнаған сый-сияпаттарын тапсырды.

Хабарламаларға жазылу