Мыңдаған тонна пияз шіріп жатыр. Алматы облысындағы бір топ шаруа сатылымға қойған өнімін өткізе алмай қиналған. Базынасын жеткізу үшін Парламентке келді. Үкімет мүшелерінің жауабы қандай? Шаруаларды тағы не алаңдатады? Бүгін өңір-өңірден келген бір топ шаруа Парламентте жиналды. Егіншілер мен малшылар министрлік өкілдерін көре сала сұрақтың астына алды.
Шаруалардың мәселесі шаш етектен. Жайылымдық жердің жетіспеушілігі, қуаңшылықтың салдары мен субсидияның аздығы кезек-кезек айтылды. Ал алматылық шаруалар биыл еккен пияз, жүгері, астық өнімдерінің қоймада шіріп жатқанын айтып дабыл қақты. Сатылымға қойса, сұраныс жоқ. Қазір қожалықта 18 мың тонна пияз жатыр. Оның біразы шіріп кеткен.
Қанат Дәулетбаев, шаруа:
Біреулер айтатын шығар. Осы Алматы облысында 18 мың тоннаны сол жерге сатуға болатын шығар деп айтатын шығар. Потому что спрос жоқ. Базарда да жоқ. Почему что магнумда, супермаркеттерде 160 теңгеден тұр. Соны бізден 60 теңгеден алып, ар жағында 100 теңгеден пайда көруге болады ғой. Үкіметке.
Шаруалардың айтуынша, шығын 2 млрд теңгеден асады. Шамамен 50-ден аса қожалық зардап шеккен.
Иманғали Игісінов, шаруа:
Біз электр энергияға, су берушілерге және банктерге қарызбыз. Оны төлеуге мүмкіншілігіміз жоқ. Енді келіп отырған АКХ дейді. АКХ-дан біз өмірі кредит ала алмаймыз. Ал енді біздің алып отырғанымыз, ең қымбат 44тен 45 пайызға шейін КМФ-тен ғана аламыз. Өйткені, ол бізге тез береді. Ешқандай залогсыз.
Былтыр пияз тапшылығына байланысты Үкімет экспортқа тыйым салған еді. Министрлік қазір ондай шектеу жоқ дейді. Себебі, өнім қоры жоспардағыдан көбейген.
Айдар Әбілдабеков, ҚР Сауда және интеграция министрлігі сауда комитетінің төрағасы:
Бұл мәселені шешу үшін ең алдымен осы өңірдегі жалпы шығын көлемін есептеу қажет. Әрі қарай көмектесуге әрекет етеміз. Бәлкім көршілес мемлекеттерге экспортқа жібереміз.
Екі тараптың да уәжін тыңдаған мәжіліс депутаттары ішкі және сұранысты қамтамасыз ететін арнайы орган құру қажет деп отыр. Себебі, жылда мыңдаған тонна ауыл шарушылығы өнімдері дәл осылай сатылмай, қоймада шіріп кетеді.
Айдарбек Қожаназаров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «respublica» фракциясының мүшесі:
Бақылаусыз келген. Кім не егеді, соны өсіре береді. Сонда жылдың соңында нарық өзі белгілейді. Кім қандай пайда табады, кім шығынды ақтай алмайды. 03:55 Біздің ішкі нарықтың сұранысы және сыртқы нарықтың сұранысын, барлығын талдайтын Үкімет жағынан жұмыс жасалынуы керек.
Айя Мүтәлі, тілші:
Шаруаларды биыл шегіртке де титықтатып қойды. Сонымен бірге, жиынға егінін киік таптап кеткен қожалықтар да келді. Биылдыққа 4 мың тонна бидай еккен қостанайлық дихан 1 тонна да астық жинай алмағанын айтады. Өтемақы да толық төленбеген. Енді келесі жылы егістігі киіктерден зардап шекпейтіні туралы Үкіметтен кепілдік сұрап отыр.