Ресейде коронавирусқа қарсы жаңа вакцина шықты
Ресейде коронавирусқа қарсы жаңа вакцина тіркеліп, айналымға шығарылды. Препарат індеттің жаңа штамдарына қарсы иммунитет қалыптастыра алады дейді мамандар.
Индира Бегайдар, тілші:
Жаңа вакцина соңғы штамдарға қарсы бірнеше жылға дейін адам ағзасында иммунитет сақтайды. Оны «Спутник-V» екпесін жасап шығарған Гамалея атындағы институт қызметкерлері әзірледі. Өйткені қазіргі қолданыстағы вакциналар ескі штамдарға қарсы бейімделген. Алдағы уақытта елде вакцинациялау жұмыстары қайтадан қолға алынбақ.
Геннадий Онищенко, дәрігер-инфекционист:
Әрине жаппай вакцинациялау талап етілмейді. Бірақ бірінші кезекте балалар иммунитеті төмен адамдар, созылмалы ауруы барлар екпе қабылдауы тиіс.
Соңғы бір аптада коронавирус жұқтырғандардың саны 5 пайызға артып, науқас саны 10 мың адамға жұқытады. 44 өңірде инфекция өршіген. Сондықтан енді кей өңірлерде қайтадан карантиндік шаралар қолға алынды. Яғни қоғамдық орындарда, адам көп жиналатын шараларда маска тағу міндетті.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елдегі энергия саласының әлеуеті артады
10.03.2026, 20:56
Ербол Хамитов Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды
10.03.2026, 20:49
Өңір тұрғындары Конституциялық реформаға қолдау білдірді
10.03.2026, 20:16
Шетелге саяхаттау қауіпсіз бе?
10.03.2026, 20:16
Сыртқы Істер министрлігі ескерту жасады
10.03.2026, 20:12
Зейнетақы шотындағы артық ақшаны емге пайдалануға қайтадан рұқсат етілмек
10.03.2026, 20:12
Елімізде былтыр 20 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді
10.03.2026, 20:10
Референдумды 359 халықаралық байқаушы бақылайды
10.03.2026, 20:09