Шавкат Рахмонов елге оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шавкат Рахмонов елге оралды

20.12.2023

Он сегізінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтаған Шавкат Рахмонов елге оралды. Спортшыны Алматы әуежайынан жақындары мен жанкүйерлері күтіп алды. Айта кетейік, ол екі күн бұрын Лас-Вегаста өткен UFC 296 турнирі аясында американдық Стивен Томпсонды жеңген болатын. Қарсыласын 2-ші раундтың соңғы секундтарында қылқындыру әдісімен тізе бүктірді. Осылайша, аралас жекпе-жек шебері ММА-да 18 және UFC-де 6 рет уақытынан бұрын жеңіске жетіп отыр.

Әйгерім Ердәулетқызы


Хабарламаларға жазылу