Қазақстандық Ш. Рахмонов М-1 challenge жарысында алғашқы жеңісіне қол жеткізді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық Ш. Рахмонов М-1 challenge жарысында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

18.10.2014
Қазақстандық Ш. Рахмонов М-1 challenge жарысында алғашқы жеңісіне қол жеткізді

Қазақстандық Шавкат Рахмонов М-1 Challenge жарысында алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Жерлесіміздің қарсыласы жергілікті спортшы Адам Цуров атанған болатын

Тартысты кездесу 3 минут 57 секундқа созылып, Шавкат Рахмонов қылқындыру әдісін қолданып қарсыласын жеңді.

Бұл жауапты сынға Шавкат ММА дан ұлттық құраманың бас бапкері Баян Жанғаловтың басшылығымен дайындалған.

Еске сала кетейік, 19 жастағы Рахмонов бұған дейін Әлем және Азия чемпионы атанған.

Индира БЕКТЕНОВА

 

Хабарламаларға жазылу